Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар лаңкестік үшін азаматтығынан айырылады

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2017
  • 2177

Лаңкестік жасаған Қазақстан тұрғыны азаматтығынан айырылады. Бүгін ел Үкіметі бұл мәселеге қатысты норманы бекітті. Енді Конституциялық реформа аясында әзірленіп жатқан заң жобасына тиісті өзгеріс енгізіледі.

Үкіметте мәлімет берген әділет министрі Марат Бекетаев азаматтықтан айыру жазасы Қылмыстық кодекстің 21-ші бабында қаралғанын айтты. Мұндай қатал жаза террорлық акт ұйымдыстару, лаңкестік топ құру мен лаңкестік әрекетке қатысу жағдайларында қолданылады. Сондай-ақ айыпталушы азамат жан-жақты тергеліп, оның жасаған қылмысының ауырлығы мен салдары барынша ескеріледі,- дейді министр.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Бұл норма азаматтық туралы конвенциядан алынды. Аталған құжаттың сегізінші бабында "мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайда, Үкімет ол адамды азаматтығынан айыруға құқылы" деп жазылған. Террорлық шараларға қатысып жатқан адамдар қайтып келіп, ел ішінде іріткі салмауы керек. Сирияда не болып жатқанын қараңыздар. Ол жерде лаңкестер немен айналысып жатыр. Міне, мәселе осында.