Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде анасы мен баласын көлікпен қағып кеткен жігіт 2 жылға сотталды

18 жастағы ақтөбелік тұрғын жүк көлігімен анасы мен баласын қағып кеткен. Ол сот үкімімен екі жылға сотталды. Сондай-ақ 5 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Еске салайық, оқиға тамыз айында қаладағы оңтүстік айналма жолда болды. Жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан анасы мен үш жасар қызын газель көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп қағып кеткен. Анасы ауыр жарақат алып, кішкентай бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші дереу қамауға алынды. Бүгінгі сотқа жәбірленуші тарап онлайн қатысты. Сотталушы жәбірленуші тарапқа 10 млн теңге көлемінде моральдық залал өтеуі тиіс. 

САНДУҒАШ ІЗМАҒАМБЕТОВА, №2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Диас Досанұлы Қыдырбай ҚР ҚК 345 бабы үшінші бөлігі көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.