Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚХА өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күреске белсене атсалысуға ниетті

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2017
  • 2674

Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күреске белсене атсалысуға ниетті. Бүгін елордада өткен жиында Ассамблея Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен меморандумға қол қойды. Мақсат - парақорлыққа төтеп беретін мәдениетті қалыптастыру. 

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері, СЖҚІҚА төрағасының орынбасары:

Біздің кездесуіміз алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын. Жоспарларымызды нақтылап, қай бағытта бірлесе жұмыс істейтінімізді белгілейміз. Ассамблеяның біздің бастаманы қолдағаны өз пайдасын тигізері сөзсіз.

Кеңейтілген кеңестің барысында осы уақытқа дейін жасалған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Солардың бірі - Қазақстандағы біршама этностардың тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында дайындалған ғылыми еңбек. Алдағы уақытта бұл кітаптың тиражын арттырып, 3 тілде шығару мәселесі тұр.  Жиында сөз алған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ассамблеяның мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы рөліне тоқталды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Бүгінде ұлттық табыстылықтың негізгі факторы адамның бәсекеге қабілеттілігі болып саналады. Заманауи қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына, патриоттық тәрбиеге, ұлттың мәдени-генетикалық кодты сақтауына ден қойған дұрыс. Ұлттық бірегейлікті нығайтудың өзегіне айналар «Туған жер» бағдарламасы және «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын іске асыруға Ассамблея өз үлесін қосуы тиіс.