Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көбісі хабарсыз». Депутат онлайн несие алудан бас тарту туралы

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2024
  • 350

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов онлайн несие алатын кезде автоматты түрде «бас тарту» тетігін орнатуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, онлайн несие алу үшін азаматтар eGov-қа кіріп растауы керек.

Депутат Әбеновпен бірге онлайн несиелерден автоматты түрде бас тарту туралы функциясын орнату туралы ұсыныс берген болатынбыз. Меніңше, ол несие алу бойынша алаяқтықтан қорғау үшін өте маңызды шешім болушы еді. Қазір жағдай қандай? Азаматтар eGov-қа кіріп, бір нүктені басып, несиелерден бас тарта алады. Бірақ осы құқықты кім пайдаланғаны бойынша статистиканы қарасақ, өте аз адам. Себебі көп азаматтар бұл туралы білмейді. Бұл ақпаратты жеткізу өте қиын. Біздің ұсынысымыз – автоматты түрде келіспеу функциясын енгізу. Яғни, керісінше, тек несие аламын дегендер ғана eGov-қа кіріп, несие алуға дайын екені туралы растау керек. Қазақстанда 20 млн азамат болса, оның 10 млн азаматы несие аламын десе, eGov-қа кіріп растай салады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл біздің зейнеткерлерімізді және басқа да азаматтарды қорғаудың маңызды шешімі. Бұны азаматтардың құқығын бұзу деп қабылдау дұрыс емес, - деді мәжілісмен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова бұл ұсыныс қарастырылып жатқанын атап өтті.