Русский Сайттың толық нұсқасы

Саран қаласындағы жаңа жылу орталығы биыл іске қосылмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2024
  • 214

Саран қаласындағы жаңа жылу орталығы биыл іске қосылмауы мүмкін,-деп хабарлайды  24.kz. 

Шаһарға арнайы келген энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деді. Жылу орталығы бұған дейін екі рет істен шыққан. Оның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Қазір қалада 168 көпқабатты үй, әлеуметтік мекемелер мен білім ошақтары ескі желілік қазандықтарға қайта қосылды.

Еске сала кетсек, Сарандағы жылу орталығының құрылысы араға 13 жыл салып, биыл аяқталды. Бірақ алғашқы жылу беру маусымына дайын болмай шықты.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі: - Бұған дейін жылу орталығы екі мәрте тексерілген. Сол кезде температура 55 градусқа жеткен соң автоматты жүйе авариялық жағдайды көрсетіп, сөніп қалған. Қазір жылу орталығын қалыпты параметрге келтіру жұмыстары жалғасуда. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Біз үйлер мен әлеуметтік нысандарды қосымша желілік қазандықтарға қосып отырмыз. Жылу орталығы іске қосылмауы мүмкін деген де болжамды жоққа шығара алмаймыз.