Русский Сайттың толық нұсқасы

Трактормен адам басып өлтірген полицей үйқамаққа шықты

Батыс Қазақстан облысында тракторымен адам басып өлтірген полицей қамаудан шығарылып, үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы полиция департаментінен мәлімдеді. Ресми дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға Сырым ауданының Бұлдырты ауданында болған. Трактор мінген полиция қызметкері абайсызда ауыл тұрғынын басып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше көз жұмған марқұмның артында бес баласы қалды. Ал тәртіп сақшысы қамауға алынып, кейін жұмысынан қуылған. 

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Трактор жүргізген полиция қызметкері сол кезеңде кезекті еңбек демалысында болған. Қазіргі уақытта ол соттың шешімімен ол үйқамақта. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар жүргізу барысында трактор жүргізген полиция қызметкерінің сау болғаны анықталды.