Бүгін- дүниежүзілік нан күні. «Дастарқаныңнан нан үзілмесін» деп ақ тілек айтқан дана қазақ қашаннан ас атасының қадірін білген.Қастерлеген.Ал қазіргі қарын тоқ, көйлек көк заманда бір үзім нанның нарқын білеміз бе? Заңғар Санай сабақтайды.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар. Бұл тақпақты бала күнімізде жаттап ек.Жадымызда әлі жаңғырып тұр.Иә, бізге бала кезден нанның қадірін түсіндіріп, қастерлеуге үйретті.
РҮСТЕМ БЕЙІШОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚӨУ ОҚЫТУШЫСЫ:
Ата бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері нанды қашанда жоағры қойған.Нанды құрметтеген, қастерлеген, қадірлеген.Себебі наның өзінің бір қасиеті бар деп, нан бар жерде ән бар деген.
Нан - тоқшылықтың, береке-бірліктің бастауы.Елімізде өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің де ортақ тағамы. Ұлт пен ұлыстар ас атасын қастерлеуді еш ұмытпақ емес.
ЕРЛАН ҚАЛМАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Келісімді, бірлікті, берекені сөз қылғанда біз халықтардың бір-біріне ұсынатын тағамдарын ас үйін айтамыз.Бірақ сол әртүрлі этнос, әртүрлі халық болса да барлығында ортақ бір тағам бар ол –нан.Сол берекенің,бірліктің бастауы осы нан деп білеміз.
Дүниежүзілік нан күні қарсаңында қала орталығында өзгеше жәрмеңке ұйымдастырылды. Нан мен тәтті тоқаштың сан түрі самсап тұр.
КРИСТИНА ЛАМАНОВА, ТЕХНОЛОГ:
Қазіргі таңда тұтас дәнді дақыл ұнынан жасалатын нан өнімдері жоғары сұраныста.Өте пайдалы.Жеңіл қорытылады.Құрамында көптеген дәрумендер бар.Бір сөзбен айтқанда денсаулыққа пайдасы бар нандарды көп алады.
Қостанайда 23 наубайхана жұмыс істейді. Елуге тарта нан өнімі шығарылады.Әлеуметтік маңызы бар азық ретінде күніне 8 мың бөлке сауда сөрелеріне жеткізіледі екен.Бағасы 90 теңге.Қала тұрғындары қара наның қадірін біледі.Арзан өнімді алу үшін кейде кезекке тұрады дейді кәсіпкерлік бөлім өкілдері.