Русский Сайттың толық нұсқасы

Апаттан бір адам қаза болып, үшеуі жараланған: көлік жүргізушісі бірнеше жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2024
  • 153

Маңғыстау облысында 2023 жылдың 25 желтоқсанында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болып, тағы үш жараланған. Жол ережесін сақтамаған минивэн жүргізушісі 2,5 жылға сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Апат 2023 жылғы 25 желтоқсанда Жаңаөзен-Ақтау тас жолының 9/218 шақырымында болды. Toyota Alphard жүргізушісі метеорологиялық жағдайларды ескермей, жол ережесін өрескел бұзып, қоршауға соғылады. Қатты соққының салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалады.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті: екеуі денсаулығына ауыр зиян келтірді, біреуіне орташа ауырлықтағы зиян келді. Тағы біреуі алған жарақатынан қайтыс болды.

Іс ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотта қаралды.

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, кінәсін мойындау мен шын жүректен өкінуді ескерді.

Минивэн жүргізушісі екі жылға және алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған бес жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынады.

Осы жылдың 14 қазанында жарияланған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.