Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да заң бұзған 21 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2024
  • 125

 Шығыс Қазақстан облысында заң талаптарын бұзған 21 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп жазады Қазақпарат.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 21 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды. Олар «Архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң талаптарын бұзған.

«Өскеменде қазіргі таңда 57 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Оның ішінде 12-сі бюджет қаражатынан, ал 45-і коммерциялық негізде. Алайда тексеріс барысында 7 тұрғын үй кешенінің құрылысқа қажетті құжаттары толық еместігі анықталды», - делінген ақпаратта.

Құжаттарды дұрыс рәсімдемеген компаниялар тізімі келесідей:

1. «Astoria» тұрғын үй кешені, мердігер - «Дейнека» ЖШС;

2. «Шаңырақ» тұрғын үй кешені, мердігер - «Шаңырак Ел» ЖШС;

3. «Asyl Tau» тұрғын үй кешені, мердігер - «Орда Трейдинг» ЖШС;

4. «MUZ TAU» тұрғын үй кешені, мердігер - «Премиум Строй НС» ЖШС;

5. «Krilova» тұрғын үй кешені, мердігер - «Шелинговский Максим» ЖШС;

6. «Emeralds» тұрғын үй кешені, мердігер - «Royal Finance group» ЖШС;

7. Сол жақ жағалау, 85-ші нысан, мердігер - «Технология комфорта» ЖШС.

«Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты, тұрғындарға келісімшартқа қол қоймас бұрын барлық қажетті құжатты мұқият тексеруді ескертеміз. Ол үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның порталындағы (homeportal.kz) ақпаратты пайдалануға болады. Онда компаниялардың құрылысқа қатысты рұқсат құжаттарының бар-жоғы туралы мәліметтер жарияланған», - делінген хабарламада.