Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Шымкентте алты жерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Шымкентте алты жерде ұйымдастырылды. Үлкен көшелердің жан-жағы, өзен жағалаулары мен көпшілік жүретін орындар тазаланды. Бей-берекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды. Тазалық шарасы көпқабатты үйлердің ауласында да жалғасты. Мұндағы қураған ағаштар қырқылып, жерге түскен күзгі жапырақтар жиналып, айнала сыпырылды. «Таза Қазақстан» акциясының тұрақты түрде өтіп келе жатқаны коммуналдық сала қызметкерлеріне үлкен қолқабыс болуда дейді тазалыққа жауаптылар. Бүгін шаһардан жалпы 30 тоннадай қоқыс шығарылды. 

АҚАЙША БАЙЫМБЕТОВА, КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ МАМАНЫ:

«Таза Қазақстан» аясындағы ұйымдастырылған акция бізге уже көмек. Көмек бізге келеді. Қазір жапырақ көп түсіп жатыр, күз мезгілі. Ол кезде бізге көмек келсе қайдаа бізге жеңіл. Дұрыс, біз күнделікті бұл жұмысымыз, бірақ сонда да бізге көмек келсе ол уже бізге нұр үстіне нұр ғой...