Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда "Таза бейсенбі" акциясы басталғалы 3 мың тонна қоқыс жиналды

Таразда «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Шараға жастар мен еріктілер қатысып, «Көктем» алқабын қоқыстан тазартты. Бір күнде 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ал "таза бейсенбі" акциясы басталғалы өңірден 3 мың тонна тұрмыстық қалдық жиналып, полигонға жөнелтілген. «Жастар Рухы» Жастар қанатының жастары қала жұртына үлгі боларлықтай игі іс істеп, тұрғындарды айналасын таза ұстауға шықырды.

ЕРҒАЛИ АБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:

Қаламызда үлкен тазалық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жалпы әрбір азамат, қала тұрғыны қаланың тазалығына, әдемілігіне жауапты деп ойлаймын. Соған орай Аманат партиясы «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып, азаматтарды жастарды, айналамызды таза ұстауға шақыруда. Бұл шара тек қана қалада емес, барлық аудандарда әр бейсенбі сайын өтіп отырады.