Русский Сайттың толық нұсқасы

Халыққа тек тексерілген ақпарат беру керек

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2024
  • 241

Халықты тексерілмеген, тіпті, жалған ақпараттан қалай қорғауға болады. Бүгін «Ұстаным» пікірталас клубының 3-і отырысы осы мәселеге арналды. Белгілі журналистер, халық қалаулылары мен қоғам белсенділері арандатушылыққа жол бермеу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, халық әлеуметтік желілердегі тез тарап жатқан ақпаратқа бірден сене қоймау керектігі айтылды. Ол үшін ресми медианың жылдамдығы және әр фактіні мұқият тексеру қажеттігіне баса назар аударылды. Тек осылай ғана тез қарқынмен танымал болып бара жатқан әлеуметтік желімен бәсекелес боламыз, - дейді, Азаматтық альянс мүшелері. 

ОКСАНА ӘУБӘКІРОВА, ЖУРНАЛИСТ:

Иә, расымен, әр адам акпарат бере алады. Бірақ ол ойланып жатпайды. Оның арты жаза алуға дейін алып баруы мүмкін. Әлеуметтік желілерге келетін болсақ, сол ақпарат құралдары, сол журналистер де әлеуметтік желілерге шығып жатыр. Олар да YouTube арқылы ақпарат таратады. БАҚ тек газет немесе телеарна түрінде қалып қойып жатқан жоқ. Олар да әлеуметтік желілерге өтіп жатыр. Яғни, тепе-теңдік сақталады.