Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 54

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа лирикалық әнін тыңдармандар назарына ұсынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Димаштың жаңа әні композитор Қайырғали Қожанбаевтың «Ризамын тағдырға» атты шығармасы. Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазып, видео жариялады.

Достарыма керемет экспромт видео үшін алғыс, аранжировка үшін Ренат Гайсинге және Ерлан Бекчуринге ерекше алғыс, – деп жазды ол.

Ал тыңдармандары әдеттегідей әншінің жаңа туындысына жоғары баға беріп, сәттілік тілеп жатыр.