Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 100

Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

ТЖМ құтқарушылары жанармай құю станция жарылысының алдын алған.

"Павлодардың шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейін от автожуу ғимаратына ауысқан", - делінген хабарламада.

Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.