Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда жедел жәрдемге хабарласқан тұрғынға 80 мың теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 220

2024 жылдың 14 қазанында Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге себепсіз қоңырау шалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын арнайы қызметке "көп көлемде дәрі-дәрмек" қабылдағанын айтып қоңырау шалған. Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның әзіл екенін айтқан.

Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 438-бабына сәйкес. Бапта мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге). Нәтижесінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.