Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа жобаларға қажетті мамандар даярлау жұмыстарын қазірден қолға алу қажет", - Б. Исабаев

Былтырдан бастап "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 2,2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетіліп, 36,3 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев халықпен кездесуінде хабарлады. Аймақ басшысының айтуынша, 2028 жылға дейін «Қорғас» аумағында 245 млрд теңгеге 33 жобаны іске асырып, оларда 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. 

Биыл Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 59 медициналық нысан салу жоспарланған. Оның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады. Сонымен қатар облыста ауыз су сапасын жақсарту мақсатында бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінген.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бес ауылда Еңбекші, Көктал, Нәдек,Қырыққұдық, Шолақайда су құбыры желілерін жаңғырту желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Еңбекші, Көктал, Нәдек жылдың соңына дейін бітеді.Қырыққұдық пен Шолақай 50-60 процент біткен. Келесі жылдың жазына дейін аяқтаймыз.

Облыс әкімі халықпен жүздесуде 2027 жылдың соңына дейін 5 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 44 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Аталған іске 856 млрд теңге қарастырылған.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жоғары дәрежедегі, біліктілігі жоғары сварщиктер керек. Технологтар керек, механиктер керек, инженерлер керек. Сондықтан қарап біліп отырыңыздар. Ең алдымен сіздердің жастарыңыз, сіздердің балаларыңыз барып жұмыс істеуі керек ғой.

Қазір аймақ тұрғындары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға дән риза. Халық білім саласындағы жүйелі жұмыстар көңіл қуантады, дейді.

Қуанатыным, балаларға арналған асхана, химия кабинеті, қазіргі заманның талабына сай физика кабинеті, информатика, биология. Осы кабинеттерді заманауи тұрғыда жабдықталғанына қатты қуанамын. Мектептің ішкі жағы да, сыртқы жағы да заманның талабына сай десем артық емес.

Кездесу барысында аймақ басшысы жаңа жобаларға қажетті мамандар даярлау жұмыстарын қазірден қолға алып, оған жергілікті жастарды көптеп тартуды тапсырды.