Русский Сайттың толық нұсқасы

11 жастағы қызды қағып өлтірген имамға қатысты тың дерек айтылды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 177

Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов Үржарда болған қайғылы оқиға мен ауыл мешітінің имамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас имамның сөзінше, оқыс оқиға 14 қазан күні сағат 11:50 уақыт шамасында болған.

Абай облысы Үржар ауданы, Үржар ауылдық мешітінің имамы Қайырбек Ақжігітов абайсызда жеке көлігімен Үржар ауылының ішінде 5-сынып оқушысы Нұрай Сымбатқызын қағып кетеді. Өзінің және куәгерлердің айтуынша көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырым/сағаттан асырмаған. Қыз баланы көшеде бөтен ит қуалаған, соның салдарынан қыз бала абайсызда жол ортасына жүгіріп шыққан. Көлікті жүргізуші Қайырбек имам көлікті тоқтатып үлгермеген. Осыдан кейін Қайырбек Қалибекұлы зардап шегушіні дереу ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай жас қыз бала ауыр жарақаттан ота үстінде қайтыс болды. Оқиға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Асқар Мұқанов.

Ол Қайырбек имам бірнеше жылдан бері Үржар ауылдық мешітінде абыроймен қызмет етіп келе жатқан дін маманы деп отыр.Қызмет барысында қандайда бір тәртіп немесе ереже бұзған жағдайлары орын алмаған.

Бұндай оқыс жағдай бірінші рет орын алып отырғанын мәлімдеймін, - дейді Абай облысының бас имамы.