Русский Сайттың толық нұсқасы

Айбек Нұрсейіт Қытайда өткен жарыста қандасымызбен жұдырықтаспай қоюына не себеп болғанын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2016
  • 3782

Сайыста да бауырмалдық бар. Аралас жекпе-жектен Қытайдың Шанхай қаласында өткен байқауда Айбек Нұрсейіт қазақ жігітімен не себептен жұдырықтаспай қойғанын осылай түсіндірді. Бұл туралы Алматыда «Әлем Файтерс» кәсіби клубының спортшылары журналистер сұрағына жауап беру кезінде белгілі болды. Еске салайық, Халықаралық жарыстың ақтық финалында Айбек Қытайда тұратын қандасымыз Ғабит Тұрғанбекпен жұдырықтайспай қойған болатын. Салдарынан алаңдағы төреші спортшыларға қызыл қағаз көрсетіп, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Ақтық сында бауырына не себепті қол көтермегенін Айбек Нұрсейіт былай деп түсіндірді.

Айбек Нұрсейіт «Alem fighteters» кәсіби клубының спортшысы: 

Енді онда бір-бірімізге қол жұмсамағанымыз ол өзге елде, қытайлық елде өтіп жатыр. Жаңағы қазақ бауырымды соққыға жығып, мұрнын қанату деген мен үшін ерсі болып көрінді. Өйткені спорттық принциптерге қарасаң ол нәрсе спортта шығу керек. Сайыс. Қаншама ақша тұрды бұл жерде. Бірақ біз, бұл нәрсені бауырмашылдық деген нәрсені жоғары қойдық.

 Санай ҚАНАҒАТОВ