Русский Сайттың толық нұсқасы

Англияда науқастар өз тісін өзі жұлуға мәжбүр

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2024
  • 284

Англиядағы науқастардың көпшілігі cтоматологтің көмегіне жүгіне алмай қиналып жүр. Ұлттық денсаулық сақтау қызметі оларды мемлекеттік жолдамамен қамтамасыз етпей келеді. Әсіресе, Суффолк пен Норфолк сияқты аймақтардың тұрғындары азап шегуде.

Британ Стоматологтер қауымдастығының мәліметі бойынша, жаңадан тіркелген науқастардың 97% Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің жолдамасы арқылы мемлекеттік тіс дәрігеріне жазыла алмай дал.

Марк Джонс - Суффолк қаласындағы “Cуффолктағы тіссіздер” атты адам құқықтарын қорғау тобының негізін қалаушысы. Ол билікті осы алаңдатарлық мәселеге назар аударуға шақырып отыр. Джонс стоматологиялық көмектің тапшылығына байланысты халықтың күн сайын азап өмір сүретінін алға тартады.

“Үкімет стоматология саласында реформалар қажеттігін түсінгенімен, еш әрекет етпейді”, - деп налиды ол.

Жасылдар партиясының жетекшісі Адриан Рамсай және парламент депутаты Уэйвни-Вэлли билікті Ұлттық денсаулық сақтау қызметімен жұмыс істейтін стоматологиялармен келісім-шарттарды бұзуға шақырды. Өйткені олар ауыз қуысы денсаулығын сақтау бойынша халықтың қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Үкіметтегілер стоматология қызметін ретке келтіру үшін қосымша 700 мың қабылдау тағайындаймыз деп уәде берді. Бірақ халық бұл бәрібір жеткіліксіз дейді.

Джонс үкіметті жағдай ушықпас бұрын батыл әрекет етуге шақырды.

“Нақты реформаларсыз бос сөздің пайдасы жоқ. Стоматологиялық көмектің қолжетімсіздігіне байланысты науқастардың ауру тістерін өз бетінше жұлудан басқа амалы қалмай отыр”, - дейді ол.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.