Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда 2 жасар бала пәтерде жалғыз өзі қалып қойған

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2024
  • 213

Ақмола облысының құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласы Вернадский көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала пәтерде жалғыз өзі қалып қойған. Бүлдіршін әжесі көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып берді. Бала аман-есен әжесіне тапсырылды.

Төтеншеліктер балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.