Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада бір тәулікте 200-ден астам адамға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2024
  • 77

Астанада бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 200-ден астам жаяу жүргінші анықталып, айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қалада бір күндік "Жаяу жүргінші" акциясы барысында жолдың жүріс бөлігінің белгіленбеген жерлерге өтуі кезінде және бағдаршамның тыйым салатын сигналына жаяу жүргіншілер жіберетін ЖҚЕ құқықбұзушылықтары анықталған.

"Апатты жол учаскелеріне, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге және самокат мен мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылды. Шағын электр көліктері жол қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп жүр. Орташа алғанда, күні бойы құқық қорғау органдары жаяу жүргіншілер жіберген 200-300-ге жуық құқықбұзушылықты анықтады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.