Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда 28 жастағы тұрғыннан есірткінің үлкен партиясы тәркіленді

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2024
  • 220

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады, - деп жазды KAZINFORM.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана болып табылады.

- Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда, - дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.