Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналықтар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты

Астананың елу тұрғыны "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты. Олар елорданың Есіл ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараға "AMANAT" партиясының және бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері қатысты. 

МАРИЯ ӨТЕБАЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жиналған барлық қоқысты біз апта сайын қоқыс полигонына шығарамыз. Осылайша қала жаймендеп қоқыстан тазаратын болады. Таза Қазақстан акциясына партиялықтармен бірге жергілікті тұрғындарда белсенді ат салысып жатыр.