Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент қаласындағы ғимараттарға мемлекеттік ту ілінді

Мемлекеттік туды ғимараттар мен тұрғын үйлерге ілу шарасы Шымкент қаласында да өтті. “Менің елім - менің Туым” акциясына оңтүстік өңірдегі “Жастар рухының” белсенділері үлес қосуда. Осылайша Республика күні қарсаңында айтулы мерекенің аясын кеңейтіп, қала тұрғындарының патриоттық сана-сезіміне сәуле түсірмекші. 

БЕКЗАТ ТӨЛЕУБАЙ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Оның бәрі тұрғындардың өздерінің рұқсатымен, барлық үйлерге қазір үйлестіретін боламыз. Бұдан бөлек бізде басқа да акциялар бар. Өте ауқымды етіп қаламызда атап өткізім кеп жатыр. Бұл жобалардың барлығы өзіміздің жастардың да қолдауымен өзінің жалғасын табатын болады.