Биыл елімізде 14 мыңға жуық алтын құйма сатылды. Халық екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбастау пунктерінен 475,5 келі 13 940 алтын құйма сатып алған. Алтын алуда алматылықтар көш бастап тұр. Олар құйманың 8101 данасын иемденген. Екінші орында шымкенттіктер. Астаналықтар да қалыс қалған жоқ. Елордалықтар 1243 дана алтын құйманы инвестициялаған. Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта ұсынылады. Олардың жоғары сұранысқа иесі – 10 грамдық. Жалпы Ұлттық банк ұсынған бадарлама аясында 2017 жылдан бері тұтынушылар 7,4 тонна 199 235 алтын құйма сатып алған. Осы 7 жылдың ішінде екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктерге 1,1 тонна 41 058 алтын құйма кері сатылған. Бұл өткізілген алтын құймалардың 21 проценті.
САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Алтын өзінің бағасын ешқашан жоғалтпайды. Егер де оның бағасы долларда өзгергенімен, теңгедегі бағасы өсіп кете береді. Сондықтан теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көпшілік адамдар өзінің жиған қорларын әртараптандыру, диверсификация дейді бізде. Соған алтынды да қосып қойғанбыз. Кез келген адам өзінің 2-3 миллиондық қорына алтын алып қойса, ешқашан құнын жоғалтпайды. Мәселе осыда.