Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Бейіт Лахия қаласына соққы беріп, 87 адамды мерт қылды. Тағы 40-тан астамы жараланған.
Мұны палестиналық анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал Израиль әскерилері бұл мәліметті тергеп жатқанын мәлімдеді.
Израиль "Хамас" қозғалысының жасақтарын жоямын деп Газаға шабуылды былтыр қазанның 7-де бастады.
Содан бері 42 мың 600-ден астам палестиналық қаза тапты. Сол құрбандардың ішінде мыңдаған әйел мен бала бар. Бұған қоса, осы сектордың 2,3 миллион халқының басым бөлігі үйлерін тастап кеткен.