Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда жолаушылар автобусы аударылды: қаза тапқандар бар

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 168

 Түркияның орталығындағы Ақсарай провинциясында қалааралық автобус аударылып қалды. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, - деп жазды KAZINFORM.

Ақсарай провинциясының губернаторы Мехмет Али Кумбузоглу атап өткендей, автобус апаты қаладан 25 шақырым жерде болған.

Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар зардап шеккендердің кейбірінің мәйітін анықтап жатыр. Кейбір зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Медициналық көмекке мұқтаж барлық жолаушылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Анкара-Ақсарай жол бағыты қосымша қауіпсіздік үшін уақытша жабылды. 

Жалпы Түркия жолдарының қауіптілігі жоғары. Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылы елде жол-көлік оқиғасы салдарынан 6548 адам қайтыс болған. Жолаушылар автобусының оқиғасы елдегі жол қауіпсіздігін жақсарту және жол қозғалысын қадағалауды күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.