Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында бір кеште екі адамды көлік қағып кетті: екеуі де қаза болды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 167

Алматы облысында бір тәулікте екі бірдей жаяу жүргінші қаза тапты. Екі оқиға бойынша да қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірінші оқиға Қаскелең қаласының маңындағы Алматы-Бішкек тасжолында болды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолдан белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Екінші оқиға Іле ауданы Ынтымақ ауылының шетіндегі Алматы-Өскемен тас жолында болды. Lexus RX-350 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

«Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға және жолдарда, әсіресе көрінбейтін жағдайларда өте мұқият болуға шақырады. Жаяу жүргіншілерге өз кезегінде жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіледі», - делінген хабарламада.