Семейде кеше бір күннің ішінде үш бірдей мопедті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Семей көшелерінің бірінде тағы бір мопед жүргізушісін көлік қағып кетті.
Абай облысының ПД мәліметі бойынша, бұрылу кезінде Chevrolet Cobalt жүргізушісі мопедисті соғып кетті. Соқтығысу салдарынан 17 жастағы мопед жүргізушісі жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Кеше Семейде осындай үш оқиға болған.
«Семейде алаңдатарлық үрдіс байқалады. Мопедтердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда ерекше мұқият болуға шақырады. Басқа көлік құралдарына жол берудің маңыздылығын есте ұстаған жөн», - деді полиция жүргізушілеріне.