Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы ең үлкен туды ілді

"AMANAT" партиясының Орталық аппаратының ғимаратына ең үлкен, яғни көлемі 24-те 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Туды ілді. Партиялықтардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ адамдардың бойында патриотизм мен өз еліне деген мақтаныш сынды ең ізгі сезімдерді оятады. Бұдан өзге ел аумағында да 10 мыңнан астам Мемлекеттік Ту ілінбек. Айта кетейік, акция биыл 3 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Оған депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар және барша ниет білдірушілер қатысуда. 

АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мақсат біздің осы көк туымызды желбірету және оны кеңінен насихаттау. еЛІМІЗДЕГІ ең үлкен ту алғаш рет ғимаратқа ілініп жатыр. Дәл осы ту бізде еліміз үшін маңызды матчтарда, еліміз үшін мәдени оқиғаларда, жақында мысалға көшпенділер ойыны аясында Димаш Құдайбергеннің концертінде желбіреген ту енді осы Елордамыздың ортасында ғимаратта тұрғындарға патриоттық сезімді беріп тұрады.

САМАТ НҰРТАЗА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өзіміздің туымызды қарағанда жалпы олимпиада болсын, осы спорт сайыстары болсын, саяси шаралар болсын кәдімгідей бір іште мақтан сезім пайда болады. Менің елім бар. Яғни мен ҚР деген жер картада бар. Жәй ғана бір ұлтарақтай жер емес Дүниежүзілік 9 орын алып отырмыз. Бұл үлкен мақтаныш.