Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтөбеде 100 түп ағаш егілді

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қала тұрғындары, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері белсенділік танытып, қала орталығында 100- ден астам түп ағаш екті. Шараға төрт жүзден астам адам қатысты. 1,5 метрлік көшеттер суару жүйесімен қамтылатын болады. Жалпы бұл акция аясында Ақтөбеде биыл 350 мыңнан астам ағаш егілген. Сенбіліктерде 98 мыңнан астам аула, 289 саябақ пен сквер жиналды. 71 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

ЕСТАЙ СИСЕНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жалпы экологиялық мән-жайға бейжай қарамай өзіміздің азаматтық парызымыз ретінде қаланың тазалығына бірден бір азаматтық үлесімізді қосйық деп халыққа үлгі болсын деп бір жағынан бұл идоелогиялық жұмыс. Барлық осы қала тұрғындарын қазіргі уақытта ағаш егумен безендірумен осы экологиялық үлкен акцияға өз үлестерін қосуға шақырамын.

ДЕНИС СТЕПНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Данная акция подрастающий молодежи дает... Бұл акция өскелең ұрпаққа табиғатты аялауға, қаламызды, облысымызда жасыл желегі көп, жасыл аумаққа айналдыруға үн қосуға шақырады. Бұл жерде егілген көшеттерге өзіңдік суару жүйесі бар. Бұрын парк пен скверлерде суаруда қиындықтар болған. Бұл жерде барлығы ойластырылған.