Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда орман арасында тұрған 6 балалы отбасы депортацияланды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 313

Кәмелет жасына толмаған алты баласы бар ресейлік отбасы 2016 жылдан бері Қазақстан аумағында тұрып келген. Неке қию органында ресми тіркелмеуіне байланысты балаларында құжат та болмаған.

Павлодар соты 6 баланың әкесі, Ресей елінің 36 жасар азаматының ісін қарап, оны Қазақстан аумағынан шығаруды ұйғарды. Шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынған. Сотта ер азамат бұған дейін дәл осындай әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, бірақ материалдық жағдайының ауырлығына байланысты сот белгілеген ауыппұлды төлей алмағанын жеткізген.