Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 23 жастағы бойжеткенді өлтіріп, мәйітін өзенге лақтырып жіберген

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 135

Атырауда 23 жастағы тұрғын 18 қазан күні түнде із-түссіз жоғалып кеткен. Ол Авангард ықшам ауданындағы үйінен шығып, сол қалпы қайтып оралмаған. Арада бес күннен кейін оны өлтіріп, мәйітін өзенге лақтырып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға 23 жастағы қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған. Бойжеткен 18 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Болжам бойынша, таныстарының бірі оны көлігіне мінгізіп алып кетіп өлтірген, ал мәйітті сыбайласымен бірге өзенге лақтырып жіберген.

Полиция кісі өлтіру фактісін растады. Тәртіп сақшылары екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Аталған факті бойынша адам ұрлау және кісі өлтіру баптарына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.

Марқұмның денесі әлі іздестіріліп жатыр.