Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық жастар Республика күніне орай сауалнама жүргізді

Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы! Республика күні қарсаңында оралдық белсенді жастар тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Қойылған сұрақтар тәуелсіздік туралы болды. Қалалықтар өткен отыз жылдағы оңды өзгерістерден хабардар екенін көрсетіп, дұрыс жауап берді. Ал аға буын мұндай бастамаларды қолдайтынын білдірді. Өйткені тарихты білу - үлкенге де, кішіге де міндет. Отанның арғы-бергі тарихын жатқа біліп, жетістігіне мақтана білу азаматтық парызымыз, дейді тұрғындар. 

СВЕТЛАНА ТЕНИШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мынадай шара өткізілуі керек. Неге десеңіз, мұны жастар білуі керек. Біз үлкен кісілер айтып жатырмыз ғой. Жастармен кездескенде айтып жүреміз. Біз де жас болдық. Бізді де үлкен кісілер үйреткенде айтқанын тыңдау өте пайдалы екенін білдік. Тарихты білу маңызды. Жастардың мұны өткізгенін біз қолдаймыз.

Белсенді жастар дұрыс жауап берген тапқыр тұрғындарға жалаушалар тарту етіп, тәттілерді сыйлады. Ел тарихын түгендеуді мақсат тұтқан қыз-жігіттер енді жол сақшыларымен бірге көлік иелерінің сауатын тексермек. 

НҰРСҰЛТАН СӘРСЕНБАЕВ, БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қойған сұрақтарымыздың түпкі мағынасы осы еліміздің тарихына байланысты болды. Ол сұрақтарды қойған себебміз - еліміздің тарихын біле жүрсін деген мақсат еді. Үлкендеріміздің есінде қалсын, кішілердің алдағы өмірінде бір пайдасын тигізсін деген мақсатта осындай игі іс-шараны өткізіп жатырмыз. Бұл да болса халықтың көңіл-күйін көтеріп, мереке қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлайды деген сенімдеміз.