Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елімізде болып жатқан оң өзгерістердің барлығының ұшар басында Президенттің реформалары тұр", - Е. Қошанов

Елімізде болып жатқан оң өзгерістердің барлығының ұшар басында Президенттің реформалары тұр. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "AMANAT" партиясының Орталық аппаратында өткен салтанатты жиында осылай деді. Төраға елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асырудағы партияның үлкен рөлін ерекше атап өтті. Партиялықтарға белсенді жұмысы мен жоғары азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз өткеннен сабақ алып, бүгінімізді табысты, ертеңімізді жасампаз ету мақсатынан тайған емеспіз. Қазіргі уақыттағы елде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да сол үшін жасалып жатыр. Көріп отырсыздар, заман өзгеріп жатыр. Қоғам өзгеріп жатыр. Қоғамдың сана мен құндылықтар да бүгінгі күнде жаңғырып жатыр.