Русский Сайттың толық нұсқасы

Семей қаласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2017
  • 3287

Семей қаласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Жолдар толықтай жөнделіп, ескірген құбырлар мен кәріз желілері жаңартылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты. Шаһарда заманауи нысандар бой көтермек. Аймақ басшысы қыркүйекке дейін коммуналдық мәселелер шешімін табатынын жеткізді. «Қарағайлы» ықшам ауданының құрылысы басталған. 2014 жылы Семей қаласын дамытуға бөлінген қаражат көлемі 21 миллиард теңгені құраса, биыл 49 миллиард теңге қаралған.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Семейде инженерлік коммуникациялардың жағдайы сын көтермейді. Сондықтан бұл саланы реттеу бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Сумен қамту, кәріз жүйелері мен жылу желілерін реттеу де бар.  Семей қаласының бюджетін әлдеқайда ұлғайтып отырмыз. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Тек биылдың өзінде жол жөндеу жұмыстарына 3 миллиард теңге бөлінді.  

Аграрлық салада Шығыс Қазақстанның жетістігі айтарлықтай. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 46,5 миллиард теңгені құрады. Мал шаруашылығын дамыту көрсеткіші 4 пайызға ұлғайған. Елбасы жолдауындағы бірінші басымдық «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы» бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біздің мақсатымыз аймақта  автомобиль зауытын салу. Және бұл нысанның жобасы жасақталу үстінде. Көлік жолдары бойынша инфрақұрылым дамыған. Жыл аяғына дейін Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында темір жол құрылысын аяқтаймыз. Өткен жылы ашылған Ақтоғай тау-кен өндіру кешені 80 мың тонна катодты мыс өндірген. Биыл да ол нәтижені жақсартып, металлдың сапасын арттыру көзделіп отыр. Сол арқылы мемлекет қоржынына қосымша пайда түседі. Тағы бір мыс балқыту кешенін салу  жоспарланған