Русский Сайттың толық нұсқасы

McDonald's бургерлерінен 49 адам уланып, бір адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2024
  • 67

АҚШ-та McDonald's гамбургерлерінен 49 адам уланып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-тың 10 штатында ішек инфекциясының өршуі тіркелді. Барлығы 49 адам зардап шекті. Олардың біреуі көз жұмды. Тағы 10 адам ауруханада жатыр.

Зардап шеккендердің көпшілігі ауырмай тұрып McDonald's мейрамханаларында Quarter Pounder гамбургерін жегенін хабарлады.

Трамп McDonald's фастфуд желісінде картоп таяқшаларын қуырып, жұмыс істеді

Ең көп жағдай Колорадо және Небраска штаттарында тіркелген. Гамбургерлердегі қай ингредиенті инфекция тудырғаны әзірге белгісіз. McDonald's бірнеше штатта Quarter Pounder гамбургерлерін сатуды уақытша тоқтатты.

Ішек инфекциясы туралы жаңалықтардан кейін McDonald's акциялары шамамен 7% төмендеді.