Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да 9 жастағы бала иттің құлағына жанып тұрған петарданы салып жіберген

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2024
  • 115

Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз жасар бала иттің құлағына петарда салып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Итті қыз бала аман алып, полицияға хабарлаған. Қазіргі таңда жануарды емдеумен ресейлік ветеринарлар айналысып жатыр. Итті аман алып қалу үшін қажет қымбат дәрілерді сатып алуға тұрғындар көмектескен.  

Итке қастандық жасаған 9 жасар баланың анасы 37 мыңдай айыппұл төлейді. 

"22 қазанда комиссия өткізілді, оның қорытындысы бойынша баланың анасына қатысты "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша материал жиналды", - деді СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.