Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында мас ер адам өзгенің көлігін айдап, жол апатына ұшырады

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2024
  • 139

Түркістан облысында өзгенің көлігін мас күйінде айдап, жол апатына ұшыраған ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болды. Мас күйде болған ер адам пана іздеп жылынып алу үшін бөтеннің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқап, есігін тартып көрген. Көлік кілттенбеген болып шықты. Осы сәтті пайдаланған ол көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған. Артынан көліктің кілтін тауып, айдап кеткен.

Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vectra көлігіне соғылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.