Қостанайда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған облыстық жарыстың жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор, дейді әскери қызметшілер. Игі бастамаға «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мұрындық болып отыр. Осымен үшінші рет өткен әскери-патриоттық ойындарға облыс көлемінен 7 команда қатысты. Олар үш кезеңдік ойында бақ сынады.
АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біріншісі –саптық дайындық.Екіншісі –викторина.Және үшіншісі кедергілер жолағы.Үздік үш команда арнайы сыйлықтарға ие болады.Және бүгін бізде әділқазылар алқасында осы әскери дайындыққа байланысты жұмыс істейтін адамдар.Яғни өз ісінің мамандары отыр.
Ойынға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жас толқын саптық дайындықтарын көрсетіп, кедергілермен сүрінбей өтті.“Менің елім-Қазақстан” атты әскери-тарихи викториналық сұрақтарға жауап берді. Жас буын ойын барысында әскери қызметшінің кәсібімен және әскери қызметтің қыр-сырымен танысты.
БҮРКІТ НҰҒЫМАНОВ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Патриотизм кішкентай кезінен , жас кезінен басталады.Себебі оларға осы ойындар арқылы әскери-партиотқық сезімдерін ояту үшін және келешек біздің еліміздің отан қорғаушылары болып табылады. Сол себепті осындай жиындар жиі өткізілуі тиіс деп ойлаймын.