Русский Сайттың толық нұсқасы

49 адам гамбургергерден ұшынып, ауруханаға түсті

Енді толығырақ тоқталсақ. Түркиядағы лаңкестік шабуылдан зардап шеккен 19 адам ауруханада жатыр. Екеуінің жағдайы өте ауыр. Ішкі істер министрлігі бұл шабуылды елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясы ұйымдастырған дейді. Әзірге 2 содыр ұсталған, олардың сол жерде көзі жойылды. Толығырақ Аружан Задабек айтады. Эфирде «Жер-жаһан» айдары. 

Қайырлы кеш, көрермен! Түркия уақытымен кеше сағат кешкі 5-те Анкарадағы Аэроғарыш компаниясы ғимаратының аумағында жарылыс болды. Оқиға орнында іле-шала атыс дыбысы да естілген. Қаскөйлер алдымен оқ жаудырып, сонан соң жарылыс ұйымдастарды. Жергілікті «Хабер-Түрк» телеарнасы күдіктілердің ғимаратқа кіргені көрінетін бейнежазбаны жариялады. Онда қарулы екі адамның бірі ер, екіншісі әйел екенін байқауға болады. 

ӘЛИ ЙЕРЛИКАЯ, ТҮРКИЯ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазір содырларды анықтау процесі жүріп жатыр. Бұл оқиғаның артында тұрғандар Күрдістан жұмысшы партиясы сепаратистік лаңкестік ұйымы екенін сенімді түрде айтуға болады.

Түркия Президенті мемлекетке бағытталған кез келген лаңкестік ұйымның әрекеті жауапсыз қалмайтынын ескертті. Әзірге тергеу жалғасып жатыр. 

РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сіздерге көңіл айтқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұл сұмдық лаңкестік әрекетті айыптаймын. Қаза тапқандардың рухы Алланың мейіріміне бөленсін!

Ал, Угандада жанармай таситын көлік жарылып кетті. 15 адам қайтыс болды. Жараланғандар тағы бар. Олардың денесін қатты күйік шалған. Билік апатқа жанармай таситын көлік тежегішінің істен шығуы себеп болған дейді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл – осы айдағы бірінші оқиға емес. Өткен аптада да дәл осындай жағдай болған еді. 

ДЖОЙС НАНТУМБА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:

Менің немерем көбіне үйде болатын. Дәл огсы күні дүкенге шығып кетті. Оны жібергеніме қатты өкінемін. Бұл апат қанша адамның өмірін қиды. Қанша адамның көз жасына қалды.

Өзге де тақырыптарға тоқталсақ. АҚШ-тың 10 штатында 49 адам гамбургергерден ұшынып, ауруханаға түсті. Бір тұрғын көз жұмып, 10-ы ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің көпшілігі ауырмай тұрып McDonald's мейрамханасынан дәм татқан. Қазір бұл тамақтану орыны уақытша жабылды. Әзірге тағамның қай ингредиенті инфекция тудырғаны белгісіз. 

БИЛЛ МАРЛЕР, ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ АДВОКАТ:

Менің ойымша, біз бұл індеттің алғашқы кезеңдерін көріп отырмыз. Негізі өте қауіпті болуы мүмкін. Ұшынғандардың көбі гамбургердің бір түрін жеген. Оның ішіне шіріген пияз қосылыпты.