Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала болады. Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралған. Бірінші кезекте халықты хабарландыру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді оқыту жүйесі пысықталды деді министр.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Келешекте сейсмологиялық станциялар желісін жаңғыртып, кеңейтеміз. Алматыда министрліктің жедел мақсаттағы «Алатау» оңтүстік базасы құрылды. Оның аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала орналастырылады, алаң дайын. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері және басқа да қажетті қосымша құрылыстар болады.