Кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. Қайғылы оқиғадан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Ресми ақпарат бойынша, теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.