Русский Сайттың толық нұсқасы

Егемендік декларациясының мән-маңызы еліміздің түкпір-түкпірінде насихатталып жатыр

Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы саналатын Республика күні биыл үшінші рет ұлттық мереке ретінде атап өтілуде. Егемендік декларациясының мән- маңызы еліміздің түкпір-түкпірінде насихатталып жатыр. Халықтың бұл күнге деген ықыласы ерекше.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Отыз жылдан астам Қазақстан деген әлемге танылып бүгінде абыройлы, беделді мемлекеттер қатарында. Бүгін мерекеде шабыт тасып, көңіліміз сондай бір жайдарлы тұрған жайымыз бар. Баршаңызға мерек құтты болсын!
- Республика күні бұл еліміздегі ең маңызды ұлттық мереке деп айтсақ болады.Себебі бұл бүкіл мерекелердің барлығының ішіндегі ең ізгісі, негізгісі де осы.
- Нағыз ұлттық мереке. 25 қазан- Республика күні. Бұл мереке әр қазақтың, әр қазақстандықтың рухын көтеретін мереке деп санаймын.