Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік ендік халқы 2025 жылы айдың толық тұтылуын тамашалай алады

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2024
  • 128

Солтүстік ендік тұрғындары 2025 жылдың күзінде жылдың ең әдемі құбылыстарының бірі - айдың толық тұтылуын тамашалай алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей гылым академиясының арнайы астрофизикалық обсерваториясы галактикадан тыс объектілердің спектроскопиясы және фотометриясы зертханасының меңгерушісі Алексей Моисеев мәлімдеді.

- Біздің солтүстік ендіктегі елдер айдың толық тұтылуын көре алады. Анық болжамды кометалар күтілмейді. Қазір бізге айқын көрініп тұрған комета 2023 жылдың соңында кездейсоқ табылды, - деді ол.

Спикердің айтуынша, бұл 2025 жылдағы ай тұтылуларының ішіндегі ең әдемі көріністердің бірі болмақ.