Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйел маникюр жасатамын деп ЖИТС жұқтырып алған

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2024
  • 56

Ресейдің Псков қаласында әйел тексеріліп жүріп, маникюр кезінде ЖИТС жұқтырғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйел ауруханаға басқа аурумен келген, бірақ талдау анализінде ЖИТС инфекциясы оң көрсеткіш көрсетіпті. Ресейлік әйел бұл вирус туралы мүлдем күдіктенбеді, себебі ешқандай белгілер болмаған.

Эпидемиологиялық қызмет тексеріс жүргізіп, инфекцияның оның үнемі баратын маникюр процедурасы кезінде болғанын анықтады. Әйел шебердің құрал-саймандарды өңдеу әдістерін тексермегенін мойындады.

Қазіргі уақытта ресейлік әйел ауруханадан шығарылып, ЖИТС және жұқпалы аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарына жіберілді. Ол амбулаторлық бақылауда болып, қажетті емделуден өтеді.