Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2024
  • 245

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген. Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен екен. 

“Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды”, – делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр.