Алдын ала мәлімет бойынша билік басындағы «Грузин арманы» партиясы жеңіске жеткен.
Бастапқы сауалнама нәтижесі олардың 54%-тен астам дауыс жинағанын көрсетті.
Оппозициялық «Өзгерістер коалициясы» 11 дауыспен екінші орында. Үшінші 10%-тік үлкен нәтижеге «Бірлік - Ұлттық қозғалыс» ие болды. Парламентке тағы «Мықты Грузия» және «Грузия үшін» партиялары өтеді. Қалған партиялар 5%-тік межені бағындыра алмады. Оппозиция: «Грузин арманы» дауыс нәтижесін бұрмалады», – деп айыптап, наразылық шеруге шығуға бел буып отыр.
Айта кетейік, бұл жолғы сайлауда электронды жәшіктер қолданылды. Олар сайлаушыларды тексеріп, дауысын тез санап, алғашқы нәтижені шығарып отырды. Саяси додаға барлығы 18 партия, 3,5 миллионнан астам сайлаушы және 1700 байқаушы қатысқан.
Халықаралық байқаушылар арасында Қазақстанның Орталық сайлау комиссия өілдері де бар,- деп хабарлайды 24.kz.