Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана - Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға болды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2024
  • 94

27 қазанда таңертең "Астана" футбол клубының бір топ жанкүйері "Астана" - "Ақтөбе" матчын тамашалау үшін Алматыға жол тартқан. Алайда жолда олар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға түсті.

...Алматы қаласына барар жолда бір топ жанкүйеріміз жол-көлік оқиғасына тап болды. Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, тағы үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр. "Астана" футбол клубы Нұрланның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, қабырғасы қайыса көңіл айтады. Ардақты азаматтан қапыда айырылып қалып, орны толмас өкініш өзегімізді өртейді. Нұрланның иманы саламат болсын! Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады. Сондай-ақ ауруханаға түскен жанкүйерлерімізге тез арада сауығып кетуіне тілек білдіреміз, делінген Instagram-дағы Астана футбол клубының парақшасында.