Русский Сайттың толық нұсқасы

Емханада жанжал шығарған әйел айыппұл арқалады

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2024
  • 132

Батыс Қазақстан облысында емханада жанжал шығарған әйел айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында тиісті әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Облыстық соттың хабарлауынша, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 13:30 шамасында Асан кентіндегі емхана ғимаратында болған. Жергілікті тұрғын медициналық қызметкердің жұмысына кедергі келтіріп, әдепсіз қылық көрсетіп, жалпы тәжірибе дәрігеріне дауыс көтеріп, үстел бетін ұрған.

Сотта азаматша кінәсін мойындамайтынын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіспейтінін айтты. Белгілі болғандай, оқиға болған күні оның қызы ауырып, ауруханаға барған. Бұл уақытта емханада жарық өшіп қалады.

"Дәрігер дәлізде отырған қарттарға электр қуатының сөнгенін, анықтама алуға келгендердің күтпеуін сұраған. Әйел дәрігерден қызын тексеруін өтініп сұрағанда, ол назар аудармаған. Әжей кезектен тыс кірген. Дәрігер маска киіп, әйелге қарамай кеткен. Бұл уақытта айыпталушы дәрігерге айқайлады. Медициналық қызметкер отырған үстел бетін ұрды, алайда балағат сөздер айтпаған", – делінген сот хабарламасында.

Соттың шешімімен әйел кінәлі деп танылып, ол 110 760 теңге айыппұл арқалады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.